Жаңалықтар

САЯБАҚТАРДА – КӨҢІЛДІ

ERA_8894+

Елорда тұрғындары мен қонақтары бос уақыттарын тиімді пай­даланып, демалыс күндерін көңілді өткізу үшін қалалық саябақтарда балалар мен ересектерге арнап ойын-сауық бағдарламалары әзірленген.

Атап айтқанда, қаладағы «Студенттік», «Астаналық», «Арай» және «Жерұйық» парктерінде әр сенбі-жексенбі күндері концерттер қойылып, түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырылады. Шығармашылық ұжымдар ән айтып, би билеп өнер көрсетеді. Кішкентай елордалықтар үшін шағын ойын бағдарламалары мен сайыстар және викториналар өткізу жоспарланған.
Ал, алдағы 18-19 шілдеде «Ата Түрік» саябағы мен «Астаналық» паркте асық ату жарысы, «Жерұйық», «Арай», «Ғашықтар», «Студенттік» парктерінде «Көңілді старт», гір спорты мен қол күресінен жарыстар өтеді. «Отан қорғаушылар алаңында ролик теуіп, «Президенттік» саябақта сағат 18:00-20:00 аралығында волейбол ойнауға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button