Жаңалықтар

Саяси науқан заң талаптарына сай өтті

Сенбі күні Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен брифинг өтті. Онда аудандық маңыздағы қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдық округетер құрамына кірмейтін кенттер мен селолардың әкімдерін сайлаудың бастапқы қорытындылары жарияланды.

5-9 тамыз аралығында өткен сайлау кезінде барлығы 2454 әкім таңдалды. Ұсынылған 7173 үміткердің 6738-і тіркелді, яғни, бір әкім лауазымына екіден көп кандидат қатысқан. Әкімдердің орташа жасы – 47, ал сайланған әйелдердің үлесі – 11,4 пайыз. Сайланған әкімдердің басым бөлігі педагогтар мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары екен, сонымен қатар, 357 экономист, 417 инженер және 281 заңгер мамандағының иелері бар.
«Іс басындағы әкімдердің ішінен сайлауға 1811 кандидат қатысты, олардың 1747-сі өзінің лауазымында қалды. Осылайша құрам 28,8 пайызға жаңарды. Жалпы сайлау науқаны қолданыстағы заңнама мен демократиялық сайлау процесінің нормаларына сай, ұйымдасқан түрде өтті» деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Бір қызығы, 37 әкімшілік-аумақтықта әкімдікке кандидаттардың бір ғана дауыс айырмашылығымен жеңу фактісі сайлаудың шынайы баламалылығын айғақтаса, ал аудандық және қалалық сайлау комиссиялары ұсынған бастапқы мәліметтерге сәйкес, республика бойынша таңдаушылардың келуі 98,3 пайызды құраған.
Елімізде алғаш рет өткен ауыл әкімдерін сайлау барысын қадағалауға халықаралық бақылаушылар қатыспады. Алайда, еліміздегі саяси партиялардың өңірлердегі сенімді өкілдері мен БАҚ және қоғам белсенділерінен құралған екі мыңға жуық бақылаушы мұқият қадағалады. Осы жөнінде әңгімелеген Орталық сайлау комиссиясының мүшесi Марат Сәрсембаев «Егер осы кезге дейін өзге елдердің тәжірибесіне сүйенсек, халықаралық байқаушылардың әкім сайлауы процесін бақылауға қызығушылық танытпауы – жазылмаған заңдылық десек те болады. Дегенмен, олар келеміз десе, біз қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз еткен болар едік» деді.

Еркежан Сәтімбек

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button