#Жаңа Қазақстан

Саяси реформалар жалғасады

– 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау ­Қазақстан Республикасының Президенті ­Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген басымдықтардың орындалуын, мемлекеттік басқару жүйелерін толық трансформациялауды аяқтаған сәтті нүктесі болды. Мемлекет басшысының саясатының жүйелі жүргізіліп келе жатқанын дүйім жұрт, көзі ашық, көкірегі ояу еліміздің азаматтары көріп отыр. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай өткен бұл сайлауда партиялық тізіммен қатар, мажоритарлық жолмен жергілікті тұрғындар таңдаған және аймақтың барлық проблемаларына қанық азаматтар депутаттық мандатты иеленді. Бұл 2022 жылғы 5 маусымда өткен республикалық референдумда қабылданған Конституциядағы жаңа өзгерістердің арқасында мүмкін болды. Сайлауды бақылаған бірнеше халықаралық ұйымдар да бұл сайлаудың әділ өткенін биік мінберлерден айтып та, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жазып та жатыр. Сайлаудың, одан бұрын өткен референдумның барлық талаптарға сай өткізілуі, оған халықтың дауыс беруге сайлау учаскелеріне келуі – болашағына алаңдайтын азаматтарымыздың көптігін аңғартады, сол арқылы таңдау еркіндігінің маңызы жоғары екенін, «Жаңа Қазақстан» құруға халық сенімінің мол екенін көре аламыз.

Аманкелді БОДАНОВ,       

Астана қаласы І.Есенберлин атындағы  №67 гимназияның қазақ тілі мен  әдебиеті пәні мұғалімі,  педагогика ғылымдарының магистрі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button