Жаңалықтар

САЯЖАЙ «ЖЫРЫНА» НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ

дача

Бас прокуратураның хабарлауынша, Астанада мемлекет мұқтажы үшін саяжай учаскелерін алу тәртібі заңды деп танылды.

Естеріңізде болса, елорданың бірқатар тұрғындары Астана қаласы әкімдігінің мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты әрекеттеріне қарсы шағым білдірген еді.

Жүргізілген тексерулер саяжай учаскелерін алып қоюдың заң талаптарына қайшы келмейтінін анықтаған. Аталмыш жер учаскелері мемлекеттік және өңірлік бағдарламалармен көзделген мемлекеттік маңызы бар жол, басқа да нысандар құрылысын салу үшін алып қойылған. Ал, саяжай иелері ұсынылған өтемақыны жеткіліксіз деп есептеп, оны 26 млн теңгеге дейін арттырып, немесе 2 -3 бөлмелі пәтер беру туралы талаптар қойған.

Елорда әкімдігі өтемақы мөлшері туралы келісімге қол жеткізе алмағандықтан, мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арыздармен сотқа жүгінген. Заңды күшіне енген сот шешімдері мен Астана қаласы әкімдігінің талап-арыздары қана­ғаттандырылды. Саяжай учаскелерінің меншік иелеріне үш миллион үш жүз мыңнан алты миллион жеті жүз мың теңгеге дейін ақшалай өтемақы төлей отырып, мемлекет мұқтажы жер учаскелерін иеліктен шығару жүргізілсін деп қаулы етілді.

Сәйкесінше, азаматтардың экономикалық мүдделері еске­рілген, себебі, алынған саяжай учаскелеріне олардың салған қаражаттарынан үш еседен аса өтемақы төленген.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button