Мәдениет

Саз сиқыры

Елордада «Саз сиқыры» қайырымдылық фестивалі өтті. Жоба аясында ауылды елді мекендерде орналасқан балалар үйлеріне көмек көрсетіледі.

[smartslider3 slider=1318]

Сондай-ақ балаларға өздері армандаған түрлі жаңа жылдық сыйлықтар табысталады. Олардың қатарында велосипед, скейт, самокат, телефондар мен планшеттер және басқа да сыйлықтар бар. Жыл сайын жаңа жыл мейрамы қарсаңында өткізілетін «Саз сиқыры» фестивалі аясында бүлдіршіндер мейірім мен қамқорлық сезіміне бөленіп, мерекелік атмосфераны сезінеді. Фестивальдің ұйым­дастырушысы – «Дегдар» гуманитарлық қоры.

«Саз сиқыры» жобасы биыл 4-рет өтуде. Жоба аясында біз жыл сайын 4 балалар үйіне көмек көрсетеміз. Қазір жоба тарихы еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан 12 балалар үйін қамтиды. Жоба балалар үйіне қажетті медициналық және оқыту жабдықтарын сатып алуды, сондай-ақ әр балаға сыйлық беруді көздейді. «Саз сиқыры» жобасы – бұл балаларға ұмытылмас эмоция мен мерекелік көңіл күй сыйлайтын нағыз сиқыршылардың жобасы. Еліміздің әрбір азаматы осы жобаға қатысу арқылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге қолдау көрсететін сиқыршы бола алады» деді «Дегдар» қорының директоры Лаура Ахметова.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button