Қоғам

SCAT ұшағына найзағай түсті

SCAT ұшағына найзағай түсіп, рейстер кестесі өзгеруде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Найзағайдан зардап шеккендер жоқ.

«Өткен демалыста SCAT әуе компаниясының ұшағына найзағай түсіп зақымданды. Қазіргі уақытта ұшақ кестеден шығарылды. Компанияның инженерлік қызметі бірнеше күнге созылатын қажетті тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты компания осы аптадағы 14 әуе рейсі кестесін өзгертуге мәжбүр», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жолаушылардан sms-ескертулерге мән беріп, рейстер кестесін мобильді қосымша арқылы немесе әуе компанияның ресми сайтынан (scat.kz) тексеруді сұрайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button