Мәдениет

Сегізінші «Сырсандық»

Нұр-Сұлтан қаласының Бірлес­кен мұражайлар дирекциясына қарайтын С.Сейфуллин музейінің «­Сырсандық» сериясының 8-кітабы «Фолиант» баспасынан жарық көрді.

[smartslider3 slider=3707]

«Сәкен тұлғасы тарих төрінде» аталатын бұл еңбектің авторы – өнер зерттеуші, тұлғатанушы Серік Оспанов, жауапты шығарушы – аталмыш музей директоры, ақын Несіпбек Айтұлы, ғылыми редакторы – сәкентанушы Назгүл Сапиянова.

Кезекті рет шығып отырған бұл ғылыми-деректі жинақ құрылғанына 100 жыл толған Қазақ Республикасының ­мерейтойы аясында, тәуелсіз мемлекет құру жолында өз жандарын пида еткен ұлт ­арыстарының орыс отаршылдығы мен интервенцияға қарсы саяси күресі Алашорда, Ақ гвардия, Кеңес үкіметі көсемдерінің текетіресі архивтік құжаттар мен тарихи деректерге құрылған.

Жинақта 1922-1925 жылдары Қырғыз (Қазақ) АССР-нің Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы болған мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, композитор, ағартушы, жазушы-драматург фольклортанушы-ғалым Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллиннің Орынбор кезеңіндегі қызметі қамтылған.

 Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button