Шаһар шежіресі
Сейфуллин сабақ берген ғимарат
Қазіргі Отырар көшесінде орналасқан бұл үйде ХХ ғасырдың басында Ақмоладағы алғашқы мұсылман қыздар мектебі болды. 1907 жылдан ол қырғыз-татар бастауыш мектебі деп аталды. Мұнда 27 оқушы білім алды. Ал қасындағы екінші үйде ұл балалар оқыды.
[smartslider3 slider=2683]
1912 жылы мектепке қазақтың біртуар азаматы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин сабақ берді.
[smartslider3 slider=2684]
Ғимарат – тарих және мәдениет ескерткіші.
Қазір мұнда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұр-Сұлтан қаласының бірлескен мұражайлар дирекциясы» коммуналдық қазыналық кәсіпорны орналасқан.