«Семей – Астана – Семей» бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Биылғы жылдың 27 сәуірінен бастап «Южное небо» әуе компаниясы “Семей – Астана – Семей” бағытында жаңа әуе рейсін ашады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жолаушыларды 48 орындық Ан-24 ұшағы тасымалдайды.
10 мамырға дейін рейстер аптасына үш рет орындалады, ал мамырдың ортасынан бастап олардың жиілігі аптасына бес ретке дейін артады.
1 мамырдан бастап төмендегідей бағыттар бойынша рейстер іске қосылмақ:
«Алматы – Семей – Алматы» – аптасына үш рет,
«Астана – Семей – Астана» – аптасына бір рет.
1 маусымнан бастап «FlyArystan» әуе компаниясы «Шымкент – Семей – Шымкент» жаңа бағытын ашады. Рейстер аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.
Сондай-ақ 1 маусымнан бастап «Скат» әуекомпаниясы “Алматы – Үржар – Алматы”, “Астана – Үржар – Астана” рейстерін аптасына 6 рет орындай бастайды.