Елорда тынысы

Семинар-тренингтің берері көп

Семинар-тренингтің берері көп немесе Педагогтарға пайдалы семинар-тренинг

Жуырда  Астанадағы №106 орта мектебінде “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастырумен оқу ордасының ұстаздарына арналған “Біртұтас команда – жайлы мектеп” тақырыбында треннинг-семинар өтті.  Офлайн, онлайн форматында өткен семинарға елордадағы барлық Жайлы мектептердің басшылары мен педагогтері қатысты. Модераторы – «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы.

                Жайлы мектептердің педагогикалық ұжымына ұйымшылдықты, бір-біріне деген сенімділікті және оқу үдерісінің сапасын арттыру үшін топ құру қағидаттарын енгізу мақсатын көздеген жиында топ құру және цифрлық сауаттылық бойынша педагогтердің кәсіби дағдыларын дамыту секілді өзекті тақырыптарды қамтыды.

Ұстаздарымыз мамандар дайындаған түрлі треннинг-ойындар мен жаттығулар, тапсырмаларды орындау арқылы ұжым болып, біріге жұмыс жасау, нәтижеге бірге жету жолдарын меңгерді. Семинар-тренингтің екінші күнінде “Цифрлық сауаттылық” бойынша треннинг-сабақ ұйымдастырылды. Мұндай семинар-тренингтің берері көп, себебі, ұстаздар жиыннан барынша пайдалы мағлұмат алып, оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Осылайша “Өрлеу” орталығы өткізген 2 күндік семинар-тренинг сәтті аяқталды. Семинар қорытындысы бойынша мұғалімдер талап-тілектерін айтты, «Өрлеу» өкілдері өз тарапынан өзекті тақырыптар бойынша курстар, семинарлар, тренингтер қажет болса, сұраныс бойынша қөмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. Мұғалімдер осы семинар барысында базалық онлайн курсына тіркелді. 2 ай бойында олар өз пәні бойынша білімдерін шыңдай алады. Деңгейлік оқу бағдарламасы үш деңгейден тұрады.

Гүлсан Жаманқараева,

Астана қаласындағы №106 орта мектебінің директоры

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button