ЖаңалықтарҚала мен СалаЭкономика

«СЕН ДЕ БІР КІРПІШ ДҮНИЕГЕ…»

DSC_0224

Ел экономикасының дамуы­на үлес қосатын, мемлекеттің тірегі боларлық білікті кәсіби мамандардың қай жерде де зәрулігі анық байқалуда. Кейінгі кезде осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған игі шаралар жүйелі түрде қолға алына бастады.

Соның бір дәлелі – елордадағы №71 мектеп-лицейде мектеп бітіруші түлектер мен білім беру ұйымдарының, ұлттық компаниялар мен қаладағы колледж бас­шыларының кездесуі болды. Басқосуда мамандықты дұрыс таңдауға байланысты ой-пікірлер айтылып, оның өмірлік маңызы туралы жан-жақты әңгіме өрбіді.

 «Бүгінгі  жастар арасындағы басты мәселе жұмыссыздық болып отыр. Бұл, ең бірінші кезекте – жастардың еңбек нарығында сұранысы жоқ мамандыққа оқуынан болатын келеңсіздік. Бүгінгі кездесудің мақсаты да жігіттер мен қыз­дарды осындай сұранысы жоқ кәсіп­терді таңдап, ертең жұмыссыз қалудан сақ­тан­дырып, есесіне оларды техникалық ма­ман­дықтарды көбірек меңгеруге үгіттеу» деді Астана қаласының Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының директоры Б.Жүнісбеков.

Астана қаласы әкімдігі Жұ­мыспен қамту орталы­ғының директоры О.Омар­дың айтуынша, бүгінде он бірінші сынып оқушыларын техникалық мамандықтар бойынша оқытатын арнаулы бағдарлама жүзеге асырылып жақтан көрінеді.

«Бұл бойынша он айдың ішінде колледжде оқығандарға «Күту бойынша кіші мейірбике», «Байланыс-кабель монтаждаушысы», «Тігінші» бастапқы кәсіптік білімі  дипломы беріледі. 2014 жылғы қыркүйек айынан 2015 жылғы маусым айына дейін осы үш мамандық бойынша жүз адам оқып жатыр. Оларға жұмыс берушілер де табылып отыр» деді О.Омар.

Кездесуге қатысқан  баламалы энергетика мен мұнай-газ саласындағы ірі отандық компаниялардың да өкілдері оқушылардың  сұрақтарына жауап беріп, еліміздің жетекші кәсіпорындарындағы  жеке  тәжірибелерімен бөлісті.

Сағи ОРАЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button