Қоғам

Сенатта инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Инклюзия жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Депутаттар мемлекеттік органдар мен сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп, ерекше қажеттілігі бар адамдардың сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде ұсыныстар алмасып, оларды іске асыру жолдарын талқылады. Отырыс жұмысына Оқу-ағарту министрі, Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев инклюзивті білім беруді дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталып, білім беру мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бастамалар мен ұсыныстарын жеткізді. Бүгінгі таңда қазақстандық мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құрылуда. Осылайша, мектептердің 88%-ы инклюзивті білім алуға жағдай жасады. 2024 жылы 5 мыңнан астам педагог қайта даярлау курстарынан өтті.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев тең мүмкіндікті инклюзивті қоғам қалыптастыру ел Президентінің реформаларының күн тәртібіндегі маңызды басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Бұл бағытта соңғы жылдары жүйелі жұмыстар жүргізілуде және көптеген салаларда, соның ішінде оқу-ағарту жүйесінде оң динамика байқалады.

Сенат спикері инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі жұмысты күшейту қажеттілігін атап өтті. Ерекше қажеттілігі бар адамдардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі әзірленген ұсыныстар мүдделі тараптардың бірлескен жұмысы үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button