Басты ақпарат

Сенбілікке шығайық!

Елордада 16 және 23 сәуір күндері жалпықалалық сенбілік пен ағаш отырғызу өтеді. Қала әкімдігі кәсіпорындарды, МИБ-терді және тұрғындарды сенбілікке белсенді қатысуға шақырады.

[smartslider3 slider=2655]

Cенбілікте Меншік иелері бірлестіктеріне (МИБ/ПИК) аумақтарды абаттандыру үшін көшеттер беріледі.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын көшелер мен ашық аумақтарды санитарлық тазалау жалғасуда. Елорданың барлық төрт ауданында қыстан кейінгі абаттандыру және тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Оған жүздеген коммуналдық қызмет маманы мен арнайы техника жұмылдырылды.

Мәселен, тротуарлар мен асфальт жолдар арнайы техниканың көмегімен, ал көгалды тұстар мен басқа да ашық аумақтар қолмен тазаланады. Сол сияқты көпірлер, ескерткіштер, тротуарлар, жол белгілері, қоршаулар жуылады, ал гүлзарлар, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер қоқыстан тазартылып, қоқыс жәшіктері боялуда.

Биыл да қаланы көгалдандыру жұмысы ары қарай жалғасады. Өткен жылы елордада 1 млн-ға жуық жасыл желек отырғызылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button