Қала тіршілігі

«Сергек» мүлгімейді

«Сергек» фото-бейнетіркеу және бейнебақылау жүйесінің арқасында мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 1 млрд 270 млн теңге көлемінде қаржы түсіпті.

Нәтижесінде жол-көлік оқиғалары 16 пайызға, одан жараланатындар саны 22 пайызға, апат салдарынан болатын өлім 54 пайызға төмендеген. Естеріңізге салсақ, Астанада «фото-бейнетіркеу және бейнебақылау аппараттық-бағдарламалық кешенді құру және пайдалану» жобасы былтыр қалалық әкімдік пен «Астана Innovations» АҚ және «Көркем Телеком» ЖШС арасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асқан болатын. Айта кету керек, бұл – еліміз бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ақпараттық технология мен қауіпсіздік бағытында жасалған алғашқы келісімшарт. Сондай-ақ «Сергек» – Назарбаев Университетінің ғалымдарының қатысуымен жасалған отандық жүйе. Оның негізінде машиналық оқыту желілерінің нейронды технологиясы қолданылған. Жоба аясында 13 мың камера қою және интеграциялау көзделсе, оның 6 мыңы қала көшелерінің 400 қиылысы мен 300 желілік учаскесіне, 4 мыңы адамдар көп жиналатын орындарға, сауда, ойын-сауық және бизнес орталықтарында орнатылып, 3 мыңы сыртқы камераны интеграциялауға белгіленген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button