Қала тіршілігі

«Сергек» сеп болды

Елордадағы Smart City жобасы қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастырумен бірге олардың қауіпсіздігіне де ден қояды. Қауіпсіздік сақтау жүйесін цифрландыру қылмыстың санын азайтып, елордалықтардың алаңсыз өмір сүруіне жол ашты.

[smartslider3 slider=286]

Мәселен, бірер жыл бұрын елордада «Сергек» жүйесі іске қосылды. Қазіргі таңда қала көшелерінде 13 мың «Сергек» камерасы орнатылған. Мұндағы 6 мың камера автоматты түрде жол жүру ережесін бұзу фактісін тіркейді. Ал қалған 4800 камера көше қиылысында орналасқан.
– «Сергек» камераларын орнату қалалық Полиция департаменті мен аудан әкімдіктерінің өтініші негізінде жүргізіледі. Жоба іске асырыла бастаған сәттен бері қала көшелеріндегі жол-көлік оқиғасының 42 пайызға төмендеуі байқалды. Оған қоса бейнебақылау камералары құқық қорғау органдарының кезекші бөлімдеріне қоғамдық орындардағы нақты жағдай туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етуге қол жеткізуіне мүмкіндік беріп отыр. Оған қоса жоба авторлары фотобейнетіркеу мен бейнесараптау функциясы бар жүйені де қолданысқа енгізді. Бұл жүйе қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, қылмыстың алдын алуды оңтайландыруға бағытталған, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқарма басшысының орынбасары Аманжол Естеков.
Өз сөзінде басқарма басшысының орынбасары Аманжол Естеков «Сергек» жүйесі тәртіп бұзушылықты анықтаумен бірге оларды талдауға да қауқарлы екенін айтады. Мәселен, жол полициясының қызметкерлері қолдарындағы планшеттеріне «Сергек» мобильді қосымшасын орнатып, тәртіп бұзған жүргізушілер туралы мәліметтерді алып отырады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button