Құқық

«Сергек» сергек жүруге мәжбүрлейді

15 қыркүйектен бастап Астанада фото және видео бақылаумен жабдықталған «Сергек» сертификатталған құралы қала көшелеріндегі жол қозғалысы ережесін бұзушылықтарды тіркей бастады.

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің мәліметтері бойынша, жолда жүру ережесін сақтамаудың келесі түрі тірке­леді:
Ең бірінші, ҚР ӘҚК-нің 592-бабы бойынша жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жазалау қарастырылған: 10-20 км/с үшін (10 АЕК – 22 690 теңге); 20-40 км/с (15 АЕК – 34 035 теңге); 40 км/с жоғары (30 АЕК– 68 070 теңге).

Екіншіден, қоғамдық көлік­тердің қозғалысы үшін бөлінген жолмен жүрсеңіз, (Bus Lane) сондай-ақ, стоп-желісін басып тоқтатсаңыз немесе асып кетсеңіз, ҚР ӘҚК-нің 601-бабы бойынша 3 АЕК мөлшерінде (6 807 теңге) айыппұл төлейсіз.

Онымен бірге балалар қауіпсіздігі бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде: білім мекемелері мен бақшаларға жақын жерде сағатына 40 шақырыммен жүру рұқсат етіледі, жылдамдықты одан арттыруға болмайды. Жыл­дамдықты арттырмау туралы арнайы қалқан және тиісті жол белгілері орнатылған. Бұл учаскелер фото және видео бақылаумен жабдықталған «Сергек» сертификатталған құралының бақылауына алын­ған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button