Sergek VMS қауіпсіздікке арналған ең үздік ЖИ өнімі атанды
Sergek VMS қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған интеллектуалды бейнебақылау және аналитика жүйесі Digital Almaty Awards 2025 байқауында «Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ЖИ қолданысы» номинациясында жүлделі 1-ші орынды иеленді. Сайыста үлкен деректерді талдаудың озық технологиялары бағаланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жеңімпазға арналған марапатты Sergek Group-тың негізін қалаушысы Әсет Ахметовке БҰҰ (UNDESA) Цифрлық басқару бөлімінің басшысы (Қоғамдық институттар және цифрлық басқару департаменті) Винченцо Акуаро табыстады.
Sergek VMS Қазақстанның 14 қаласының полициясына қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, қылмыстарды ашуға және төтенше жағдайларға ден қоюға көмектеседі. Бетті бағдар бойынша тану, адамдардың жаппай жиналуын тіркеу, қаруды, төбелесті, түтінді, өртті, абайсыз немесе қасақана қалдырылған заттарды және тыйым салынған аймақтарға енуді анықтау сияқты AI негізіндегі бейне аналитиканың инновациялық құралдары қауіпсіздік қызметтерінің әрекет етуін жеделдетеді және жедел тергеулерді жүргізуге көмектеседі.