ЖаңалықтарҚала тіршілігі

«Сергек» жүйесіне қызықты

Беларусьтен келген делегация «Сергек» жүйесіне қызығушылық танытты. Елорданың IT саласындағы жетістіктері көршілес елдердің қалалары мен өңірлеріне енгізу үшін қызығушылық тудырады.

[smartslider3 slider=413]

Жақында Беларусь делегациясы 109 ikomek-те болып, қонақтарға «Сергек» жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері таныстырылды, сондай-ақ ахуалдық орталықтың тұжырымдамасы туралы айтылды.

[smartslider3 slider=413]

Делегация Нұр-Сұлтан қаласының қауіпсіздік саласындағы практикалық тәжірибесін, сондай-ақ бастамалардың ықтимал импортын зерделеу және ынтымақтастық мақсатында келді. Кездесу қорытындысы бойынша делегация қаланың жергілікті цифрлық жобаларымен танысқаны үшін алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елорданың IT-шешімдерін Мәскеу мен Қазанда өткен конференцияларда шетелдік және жергілікті қатысушылар лайықты атап өткен болатын.
«Сергек» – автоматтандырылған жүйе. Ол жылдамдықты асыру, автобустардың қызыл сызықты басып өту сынды тәртіп бұзушылықтарын анықтап қана қоймай, оны талдап отыруға да қауқарлы. Бұл адамдар қауіпсіздігі үшін маңызды. Жоба іске қосылғаннан бері оны енгізудің арқасында жол-көлік оқиғалары саны 42 пайызға төмендеді.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button