ЖаңалықтарҚұқық

«Сергектен» сақтан!

Елорда аумағында 24 қыркүйектен бастап ЕЭК елдерінде және алыс шетелдерде тіркелген автокөліктердің жол қозғалысы ережелерін бұзуын анықтау бойынша рейдтік шаралар жүргізілуде.

Осы уақыт ішінде «Сергек» камералары үш мыңға жуық жылдамдықты бұзу және жол белгілерінің талаптарын елемеу дерегін анықтады. Автокөлік иелерінің ерікті және міндетті сақтандыру шарттары туралы мәліметтер базасына сәйкес жол ережесін бұзушылар автоматты түрде анықталады. Алайда жеке жүргізушілер жауапкершіліктен жалтару үшін сақтандыру шарттарын жасамайды. Рейд кезінде сақтандыру полисі жоқ 58 көлік анықталды. Барлық көлік коммуналдық автотұрақтарға қойылды. Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін 35 көліктен мемлекеттік нөмірлер алынды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button