Басты ақпарат

Сергектікті серік еткен шаһар

Елдің намысына, денсаулықтың кепіліне баланатын спорт саласы шын мәнінде маңызды саналады. Спорт саласы қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев мырзамен сұхбаттастық.

[smartslider3 slider=3775]

– Самат Сәбитұлы, Мемлекет басшысы спорт саласы бойынша, халық арасында бұқаралық спортты жандандыруды басым бағытқа айналдыру қажеттілігін айтты. Осы орайда жылдан жылға тұрғындарының саны артып келе жатқан елордамызда қандай шаралар жүзеге асырылып отыр?

– Президент бұқаралық спортты дамытуды тапсырды. Осы мақсатта «Қолжетімді спорт» бағдарламасы әзірленді. Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен елордамыздың 4 ауданы мен 6 ауласында «Aulafit» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.

Бұқаралық спортты дамытуда үйіргелік аулалардағы балалар дене шынықтыру-сауықтыру шараларына белсенді қатысуы маңызды. Осындай қозғалысты дамытуда футболдан «Aula ligasy», «Streetbol cup» турнирі, коньки тебуден оқу-жаттығулар жиі өткізіліп тұрады.

Бүгінде елордада спортпен айналысу қолжетімділікті арттыруда «Қолжетімді спорт» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба қала тұрғындарын әртүрлі спорт түрлеріне үйретуге бағытталған, сондай-ақ бірнеше спорт түрлері бойынша спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан қаласында 1016 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы ­объ­ектілер – 804, білім беру мекемелері – 215, спорт мектептері – 9 (оның ішінде жеке – 352), (2020 жыл – 976). Күніне 7000 мыңнан астам адам шұғылданатын 32-ге жуық ірі спорт нысандары жұмыс істейді. Оның ішінде: дене шынықтыру және спорт нысандары (ҚСҚ) – 804, оқу орындары (Е) – 215, спорт мектептері (ОҚ) – 9 (оның ішінде жеке – 352)

2021 жылдың қазан айында басталған аталмыш жоба Нұр-Сұлтан қаласының спорт залдарында жүзеге асырылып, 20 мыңға жуық елордалық қамтылды. Спорттың алты түрі (фитнес/зумба, скандинавиялық жүріс, каратэ, жүгіру, тоғызқұмалақ, үстел теннисі) бойынша жаттығулар қала бойынша 40-тан аса жерде өткізіледі. Скандинавиялық серуендеу саябақтарда таза ауада өтеді. Кез келген адам спорт түрін таңдап, аптасына 3 рет жаттығу жасауға мүмкіндік алды. Жобаға жоғары санатты жаттықтырушылар, спорт шеберлері, білікті нұсқаушылар тартылды. Жаттығулар клуб аулаларында, спорт орталықтарында және спорт сарайларында, соның ішінде «Qazaqstan» жеңіл атлетика манежінде, Тәуелсіздік сарайында, «Алау» мұз сарайында өткізіледі.

Қолжетімді спорт түрлерімен жас шамасына қарамай, кез келген жастағы тұрғындар қатыса алады. Бұл жоба бұқаралық спорттың қарқынды дамуына үлкен септігін тигізеді.

2020 жылдың мамыр айынан бастап маңызды жобаның бірі – AulaFit қанатқақты жобасы «Манхэттен-2», «Олимп Палас-2», «Азат-2» тұрғын үй кешендерінің аулаларында жүзеге асырылуда.

1500 және одан да көп орындық триубаналары бар стадиондар – 4, спорт сарайы – 5, спорт ғимараттары – 2, құрама командаларды дайындау орталықтары – 2, спорт кешендері – 18, спорт алаңдары – 7, шаңғы базасы – 1, есу базасы – 1, канал – 1, тирлер – 21, тир – 1, велотрек – 1, коньки тебу стадионы – 1, хоккей корттары – 26, тегіс құрылыстар – 531, теннис корты – 44, 200 және одан да көп орындық ипподром – 3, бассейндер – 27, спорт залдары – 272, жапсарлас залдар – 48

Бүгінде елордалықтардың 33 пайызы бұқаралық спортпен қамтылып отыр. Бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 35 пайызға арттыруда жүйелі жұмыстар жүргіземіз.

– Астаналықтар асыға күтетін, қалыптасқан дәстүрлі спорттық шаралар бар ма?

– Биыл алғашқы рет бокстан «Елорда кубогы» халықаралық турнирін өткіздік. Бұл жарысқа Олимпиада ойыны мен Әлем чемпионатының жүлдегерлері қатысты. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында футболдан «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогы» ашық турнирін ұйымдастырдық.

Елордалықтар жоғары бағалаған турнирлер дәстүрлі болып жалғасады. Дзюдан мәртебелі спорттық дода – Азия чемпионатын қабылдадық. Бұл жарысты жоғары деңгейде өткіздік. «Қазақстан барысы» республикалық турнирі, Садақ атудан және Бүркітшілердің халықаралық турнирлерін ерекше атауға болады. Бұдан бөлек айтулы спорттық бәсекелер көп болды. Атап айтатын болсақ, триатлоннан Азия чемпионаты, мәнерлеп ­сырғанаудан Nur-Sultan Open ашық чемпионаты, жеңіл атлетикадан халықаралық турнирі, еркін күрестен Жақсылық Үшкемпіров атындағы халықаралық турнир, пара каратэдан халықаралық турнирі, елорда күнінде бәйге түрінен жарыс, бұқаралық велошеру және қысқы маусымдық жарыстар, гимнастикадан республикалық чемпионат, «Бұрқасын» қысқы фестивалі, «қысқы триатлон» жарысы, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спорттық іс-шаралар, Астана марафоны, Нұр-Сұлтан қаласының аудандарындағы көңілді старт жарыстары және т.б мыңдаған адамды қамтыған спорттық турнирлер.

Жалпы, жыл басынан бері елордамызда 150-ден аса бұқаралық спорттық іс-шара өткізілді.

– Елордада қанша спорт мекемесі бар, халық санына қарай ол мекемелер жеткілікті ме? Спорт мамандарымен қамтылуы қалай?

– Бас шаһарда 672 дене шынықтыру және спорт ұжымы жұмыс істейді. Елордада 144 мектеп бар. Ондағы оқушылар саны – 209 мыңды құрады. Оның 110 мыңнан астамы спорттық секцияларымен қамтылды. Қаладағы колледждерде білім алатын 28 мың студенттің 70 пайызы, ЖОО-да оқитын 63 мың студенттің 67 пайызы спортпен белсенді шұғылданады.

Халықты дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту үшін жыл басынан бері спорт бойынша 248 нұсқаушы-әдіскер енгізілді. Дене шынықтыру, сауықтыру және спорт жұмыстарын 3403 штаттық қызметкер ұйымдастырып, жүргізеді.

2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелерде спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар саны – 410 құрайды.

Елордада алғаш рет бокс орталығы, көркем гимнастика орталығы, жекпе-жек орталығы, жекпе-жек залы ашылды. Бұл орталықтардағы жаттығулар қаланың барлық құрама командалары мен спорт мектептерінің спортшылары үшін тегін жүргізіледі. Жаңа бокс орталығында бір мезетте 500-ден астам, Жекпе-жек орталығында 1000-нан астам адам спортпен айналыса алады.

– Дене шынықтыру және спорт жайында айтқанда, балалар спортын айтпасқа болмайды. Өйткені, елдің келешегі сол жасөспірім ұрпақтың қолында ғой. Балалар спортындағы жетістіктеріңіз болса, айтып өтсеңіз.

– Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік тапсырысы аясында 4-17 жас аралығындағы балаларды қамтитын 25 спорт түрі бойынша 577 спорт секциясы жұмыс істейді. Онда 36 мыңнан аса жолдама алған жасөспірім спорт секциясына тегін қатысады. Шығарылған ваучерлердің жалпы саны – 45 мың, ал іске қосылған ваучерлердің саны – 33 мың.

Айта кететіні, әр баланың спорттық және шығармашылық бағыттағы 2 жолдамаға алуға мүмкіндігі бар. Қалада 28 аула клубы бар. Қазіргі уақытта халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 3 мыңнан астам бала тегін оқып, жаттығады.

– Қалада спорт кешендері мен ғимараттары көп, солардың игілігін елордалықтар қалай пайдалана алады?

– Нұр-Сұлтан қаласында 1016 спорт нысаны жұмыс істейді. Яғни спорт сарайы мен кешендері, стадиондар мен бассейндер, ипподромдар мен корттар халықтың бұқаралық спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді.

Президент шаһардың шалғай аймақтарында бұқаралық спортқа қолжетімділікті арттыруды тапсырды. Осы бағытта Көктал-2 мен Өндіріс аумағында спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілсе, 2023 жылы Үркер және Железнодорожный тұрғын алаптарындағы спорт кешені ел игілігіне беріледі. Келер жылы Қ.Мұнайтпасов атындағы футбол стадионы мен Қазақстан спорт сарайы қайта жаңғырту жұмыстарынан өтіп, есігін ашатын болады.

– Нұр-Сұлтан қаласы елдің астанасы болғандықтан түрлі халықаралық және республикалық жарыстардың өтетіні белгілі. Осындай жарыстарға қатысатын елордалық командалардың, жекелеген спортшылардың қандай көрсеткіштерін атап өте аласыз?

– Әрине, қуанып айтатын жетістіктеріміз көп. Мәселен, Францияда өткен XIX жазғы Дүниежүзілік гимназиадасына елордалық оқушылар алғаш рет қатысып, спорттың бірнеше түрінен 16 жүлдеге ие болды.

Күрес түрлерінен Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өткен Азия чемпионатында елордалық апалы-сіңілі Мадина мен Жәмила Бақбергеновалар чемпион болып келді. Осы балуан қыздарымыз Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында жүлде алып, қуантып отыр.

Киокушинкай-кан каратэден Испанияда өткен әлем чемпионатында елодалық Антон Зимарев чемпион атанып келді. Елордалық ауыр атлетші Едіге Емберді Ташкент қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Тайланд астанасы Бангкокте жалауы көтерілген дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында елордалық Ерболат Сыздық чемпион атанды.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button