Жаңалықтар

СЕРІКТЕСТЕР САНЫ АРТТЫ

Астана қаласының Recommended by EXPO-2017 серіктестік бағдарламасын жүзеге асыру қарқынды жүргізіліп отыр.

Бүгінгі күнге дейін туристерге қызмет көрсету саласында жұмыс жүргізіп келе жатқан 150-ге жуық кәсіпорын аталмыш бағдарламаға қатысуға өтінім берді. Олардың ішінен 50 компанияның қызметі бағалаудан өткен. Комиссияның шешіміне сәйкес Астананың 37 жаңа серіктесі анықталды. Жақында осы кәсіпорындарға серіктес статусын табыстау салтанаты өткізілмек.

Қаладағы  қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындармен бірге, Астана қаласының Recommended by EXPO-2017 серіктес статусы хостелдерге, көлік компанияларына және жолаушылар тасымалы қызметтеріне де беріледі. Алдағы уақытта Recommended by EXPO-2017 бағдарламасына гид-экскурсоводтар мен апартаменттерді де қосу мәселесі қаралып жатыр.

Бағдарлама серіктестері өз қызметкерлері арасында сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша тренингтер өткізіп, ағылшын тілін меңгеретін болады. Мамандардың айтуынша, бағдарламаға қатысу ерекше статус беріп қана қоймай, қосымша жауапкершілік те жүктейді. Соған қарамастан бизнес өкілдері жаңа талаптарға дайындығын білдіруде.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button