Қала мен Сала

Серіктестік пен қауіпсіздік

Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік нысандарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

[smartslider3 slider=1120]

Кәсіпкерлер бизнес нысандарындағы қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер туралы айтып берді. Мысалы, бизнес нысандарының айналасында бейнебақылаумен қамтамасыз етілмеген «соқыр аймақтар» мәселесін қозғады.

Коммерциялық емес ұйым­дардың өкілдері учаскелік инс­пекторлардың қызметі туралы сөз қозғап, олардың жұмысын жақсарту бағытындағы өз ұсыныстарын жеткізді. Олар сондай-ақ жекелеген бөлімшелердің жұмысындағы оң өзгерістерді атап өтті. Мысалы, «Бизнесті қоғамдық қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілі Әмина Әбденова Алматы аудандық ПБ учаскелік инспекторларының кәсіби деңгейін атап өтті. Аудан аумағындағы барлық қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпарат алуға және кері байланыс орнатуға мүмкіндік беретін Telegram мессенджеріндегі учаскелік арналар жұмысының нәтижесін жоғары бағалады.

Нұр-Сұлтан қалалық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш кәсіпкерлермен жақсы қарым-қатынас орнатқан учаскелік инспекторларды да атап өтті.

Өз кезегінде ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Айгүл Бекмағамбетова Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қорымен ынтымақтастықта іске асырылып жатқан ҚР ІІМ-нің «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» қанатқақты жобасының аралық қорытындыларын таныстырды. Жоба шеңберінде жергілікті полиция қызметі іс жүзінде полиция сервисін жақсарту, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы проблемаларды бірлесіп шешу үшін қоғаммен серіктестік қатынастар құру әдістерін енгізеді.

Тараптар халықтың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын арттыру үшін бірлескен алдын алу жұмыс­тарын жүргізу мәселелері бойынша тұрақты диалог пен ынтымақтастық жүргізуге уағдаласты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button