Жаңалықтар

Сертификат табысталды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде «Әлемнің сайлау жүйесі» атты интернет-олимпиадасының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

[smartslider3 slider=1095]

Оған бірқатар мәслихат депутаттары мен мектеп оқушылары қатысып, сайлау туралы оның әлем елдеріндегі өткізілуі, демократия ұстанымдары мен сөз бостандығы жөнінде әңгіме өрбітті. Сайлау үдерісі әсіресе мектеп оқушыларын қатты қызықтыратыны байқалды. Халық қалаулыларына осы тұрғыда бірнеше сұрақ қойылып, оқушылар оған қанағаттанарлық жауап алды.
– Жастардың осындай сайлаудың ұйымдастырылуы үдерісіне аса қызығушылығы бізді қуантады. Елордалық мектептің жоғары сынып оқушылары осы дөңгелек үстел барысында өздерінің ой-өрістерін танытып қана қойған жоқ, алдағы уақытта бас қалада белсенді сайлаушылардың қалыптасып келе жатқанын да анық байқатты, – дейді Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button