Мәдениет

Сертификат тапсырылды

Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі курсының екінші кезеңін тәмамдаған тыңдаушыларға сертификат тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шара барысында «Руха­ният» мекемесінің басшысы Әділ Орынбасарұлы қазақ тілінің ұлт өміріндегі, қоғамдағы маңызды орнын саралай келіп, арнайы жиналған тыңдаушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар, құнды кітаптар табыс етті.

Еркін форматта өткен ерекше маңызы бар іс-шарада қазақ тілі курсы бойынша дәріс алған тыңдаушылар өзінің білім алу барысындағы нәтижелері мен бүгінгі өмірдегі қолданыс аясына енгізген жетістіктерін тілге тиек ете отырып, сабақ берген ұстаздарына ақ тілегін жаудырып, осы бір айрықша мамандық иелері – ұстаздар қауымының ұшан-теңіз еңбегіне риза екенін зор қуанышпен жеткізді. «Руханият» мекемесінің басшысына, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ұйым­шылдықпен бірлескен жұмыс атқарып отырған ұжымға мол табыс тіледі.

Өткен жылы қазақ тілі курсының бірінші кезеңінде – 820, екінші кезеңде – 680, жалпы саны 1500 тыңдаушы аяқтады. Осы бағытта топтар деңгейлері бойынша А1-бастауыш, А2-­базалық, В1-орташа, В2-ортадан жоғары болып бөлінді.

Айжан СЕРІКҚЫЗЫ,

«Руханият» мемлекеттік мекемесінің баспасөз

хатшысы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button