Жаңалықтар

ШАБАҚ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА…

DSC_0336

Елімізде балықтың тамақ өндірісіндегі үлесі 5-6 пайызға ғана жетіп отыр. Осы мақсатта Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бастамасымен Қоянды су қоймасына 7,5 мыңдай мөңке шабағы жіберілді.

Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік шаруашылық кәсіпорнының маманы Жарылқасын Әб­дікерімовтің айтуынша, бұл шабақтар 1,5-2 жылда халық кәдесіне асады, олардың құны базардағыдай тым қымбат емес. Астана қаласының арнаулы нүктелерінде арзан бағамен сатылады.

«Көріп тұрғанымыздай, су қоймасына жіберіліп жатқан 13-15 сантиметр шабақтар келер жылдың көктеміне қарай едәуір өседі, бір жылдан кейін аулап, сауда орындарының сөрелеріне жеткіземіз. Біз бұл шабақтарды Қарағандыдан биыл екінші мәрте әкеліп жатырмыз. Енді ақ амур шабақтарын әкелу жоспарда бар» дейді «ЖасНұр» кәсіпорнының маманы Жарылқасын Дәулетұлы.

Былтыр Жамбыл өңірінен Қоянды су қоймасына жет­кізілген ақ амур тұқымдастары биыл әжептәуір жетіліп қалыпты. Тіпті, ауға түскен аса ірілері сауда орындарына жол тартып үлгерген. Келер жылы да биылғы жіберілген мөңке балықтардың өсіп-өнуі басты назарға алынады.

Қуат ҚИЫҚБАЙ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button