Мәдениет

Шабыт шақырған «Шаттық»

5-8 шілде аралығында «Бәйтерек» монументі алаңында «Шаттық» халықаралық жас таланттар фестивалі өтті.

Астананың 15 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл шараның мақса-ты балалардың эстетикалық тәрбиесі-не мән беру әрі жас өнерпаздардың репертуарын жаңарту еді. Фестивальда 5-18 жас аралығындағы жеткіншектер «Вокал», «Хореография», «Фольклор», «Аспаптық жанр», «Балалар сән театры», «Ерекше жанр» аталымдары бойынша өнерлерін ортаға салды.

Астана қаласы әкімдігінің қол-дауымен шараны ұйымдастырған «Бозторғай» халықаралық қоғамдық қорының директоры Қарлығаш Әбдікәрімованың айтуынша, тұрақты өткізілетін фестиваль таланттардың ұстаханасына айналды. Оған еліміздің әр аймағынан, жақын және алыс шет елдерден үміткерлер келіп қатысады. Жалпы саны 350-ге жуық өнерпаз жеткіншектің арасында Болгария, Түркия, Қытай, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Грузия, Беларусь, Латвия, Қырғызстан, Башқұртстанның жас дарындары бар. Сайыстың шарты бойынша әрбір ұжымға өнер көрсетуге 30 минут уақыт берілсе, жеке орындаушыларға 12 минуттық уақыт шектелген.

Байқауға Кеңес Одағының Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері Б.Төлегенова, «Құрмет» белгісінің иегері, композитор К.Дүйсекеев, Қазақстанның халық әртісі Б.Аюханов, белгілі продюсер Н.Текелиев, Қазақстанның Халық әртісі Қ.Байбосынов сынды өнер тарландары қазылық етті.

Әйгерім БАЛҒАБАЕВА,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
2-курс студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button