Шаһар шежіресі

Шабыты шалқыған Шаинский

Халық арасына кең тараған жүздеген әннің авторы, балаларға арнап көп ән жазған композитор, пианист, скрипач, әнші, ұстаз, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1981), РСФСР халық әртісі (1986)  Владимир Яковлевич Шаинский (1925-2017) көпшіліктің есінде сыңғырлаған ырғақты әндері мен ондаған мультфильм, телехабар, көркем фильмдері арқылы қалды.

Оның «Крокодил Генаның әні», «Чунга-Чанга», «Вместе весело шагать», «Улыбка», «Голубой вагон», «Не плачь, девчонка»,  «Когда цвели сады», «Родительский дом» сияқты 400-ден аса әні бар.

Ол 1982 жылы Целиноградта болды. Анна Герман, Лев Лещенко, Муслим Магомаев, Алла Пугачева, Эдуард Хиль  және басқа да сол кезеңдегі көптеген эстрада жұлдыздары В.Шаинскийдің әндерін орындады.

В.Шаинскийдің мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа баулитын  шығармалары мен кейіпкерлеріне бірнеше ұрпақ бас иді.

Суретте Владимир Шаинский Тың өлкесіндегі өнерсүйер қауымға қолтаңба беруде.

Ғазиза ИСАХАН

Фотосурет Астана қаласының мемлекеттік архивінен алынды.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button