Uncategorized

Шәкәрім оқуларының жеңімпаздары

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада IIІ республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының қорытындысы өтті.

Биыл үшінші рет ұйымдастырылған байқауға еліміздің барлық аумағынан 2000-ға жуық үміткер қатысып, 17 облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан 18 кітапхана атсалысты. Байқаудың облыс­аралық кезеңінде топ жарып, үздік деп танылған 18 оқушы елордада өзара бақ сынас­ты. Жеңімпаздарды «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауының демеушісі, кәсіпкер, «Адал ас» корпорациясының президенті Ермек Мезібаев бастаған тәуелсіз сарапшы-әдебиеттанушы қазылар алқасы анықтады. Байқау қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан келген 8-сынып оқушысы Нұрайым Азаматқызы бас жүлдеге ие болды. І орынды Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының 5-сынып оқушысы Мүслима Әбілқайырқызы иеленді. ІІ орын Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының 5-сынып оқушысы Бақдәулет Мақсатұлына бұйырды. Ал астаналық 7-сынып оқушысы Мұратбек Нұрқайыр жүлделі ІІІ орынға лайық деп танылды. Жеңімпаздарға демеушілер есебінен бағалы сыйлықтар берілсе, жетекшілері арнайы алғыс хатпен марапатталды. Қалған қатысушыларға алғыс хат табыс етілді. Кітапхананың серіктесі «Фолиант» баспасы байқау­ға қолдау білдіріп, қатысушыларға кітаптар сыйға тартты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button