Мәдениет

Шәкен мен Мұқағали шығармашылығы

Жуырда Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында театр және кино тарланы, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай «Қазақ киносының жұлдызы» атты тарихи портрет және ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы, шығармашылығына арналған әдеби кездесу өтті.

Тарихи портрет барысында Шәкен Аймановтың қазақ театры мен киносының қалыптасуына қосқан өлшеусіз үлесі әңгіме өзегіне айналып, актер ретінде кез келген кейіпкердің жан дүниесін ашудағы шеберлігі, қазақтың болмысын, салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін кино өнері арқылы паш еткені, «Қазақфильм» киностудиясы мен Павлодар қаласындағы кинотеатрға оның аты берілгені айтылды.

Айтқандай, қала кітапханаларының қорында «Топжарған» эссе-кітабы бар.

Бұл кітап Шәкен Аймановтың туғанына 100 жыл толуына орай қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Кітапта көрнек­ті тұлғаның азаматтық және шығармашылық ұстанымдары, философиялық көзқарастары, сондай-ақ оның өмірлік ұстанымы көрсетілген. Онда Шәкен Аймановтың әріптес­тері, актерлер, достары мен туыстарының естеліктерін табуға болады.

Ал ақын шығармашылығына арналған әдеби кездесуге М.Жұмабаев атындағы Халықаралық колледж студенттері, Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия мен № 8 мектеп-лицей оқушылары мен ұстаздары қатысып, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқыды.

Мұқағали туған Қарасаз ауылының тумасы, еңбек ардагері Марат Тоқсанбай және ұлағатты ұстаз, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, білім беру ісінің үздігі Оспан Сүлейменұлы өнегелі әңгіме айтып, естеліктерімен бөлісті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button