Қоғам

«Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі қайта жанданады

«Еуразия» халықаралық кинофестивалінің ашылуында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандық киноиндустрия қалай дамитыны туралы айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аида Балаева қазір отандық киноиндустрия түбегейлі өзгерістерге ұшырап жатқанын айтты. Бірінші кезекте мемлекет пен киноөндірушілер арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері, оның ішінде қаржыландыру мәселелері жетілдіріліп жатыр.

«Әрине, қиындықтар бар, бірақ біз киноиндустрияны мақсатты түрде дамытуды, заңнамалық базаны жетілдіруді, қаржыландыру және контент өндіру процестерін барынша ашық етуді жалғастырамыз. Бұдан бөлек, дарынды режиссерлерге жаңа мүмкіндіктерді ашуға көмектесуді, киноөндірістің үздік жобаларын жандандыруды және қолдауды тоқтатпаймыз. Сондықтан да бұл кинофестиваль өтті (Еуразия — автор ескертпесі). Дәл осы себепті біз болашақта аты аңызға айналған «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалін қайта жаңғыртуға бар күш-жігерімізді саламыз», — деді ол.

Министр Шәкен Айманов атындағы киностудиядағы негізгі өзгерістер Қазақстанның киноиндустриясы үшін маңызды болатынын атап өтті.

«Бірқатар заңнамалық бастаманың арқасында киностудия өз дамуының жаңа дәуіріне қадам басып жатыр. Келесі жылдан бастап Мәдениет және ақпарат министрлігі киностудияны тікелей қаржыландыруға заңды құқына ие болады. Заң жобасы осы жылдың соңына дейін Президенттің қол қоюына жіберіледі. Егер қабылданса, еліміздегі фильмдерге бөлінетін жалпы қаржының кем дегенде 30 пайызы тікелей «Қазақфильмге» бағытталады. Бұл көптеген өзекті мәселені шешеді, киностудия мұрасын сақтайды, оның қаржылық жағдайын тұрақты етеді және жұмысын тиімді етпек», — деп қосты ол.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button