Білім

Шәкіртақы 50 пайыз өседі

​​Жаңа оқу жылында қазақстандық колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға өседі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес студенттердің шәкіртақысы жоспарлы түрде өсірілуде. Өткен жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өскен болатын, ал биылғы қыркүйекте енді 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы тағы 50%-ға артады.

📈 Техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік тапсырыс көлемі де жыл сайын өсуде. Бүгінгі күні 145 мың грант бөлінген болса, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған.

🔎 Колледждердің материалдық-техникалық базасы да қарқынды түрде жаңаруда. 2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша 104 колледждің білім беру инфрақұрылымы жақсартылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есеге жоғары.

Сондай-ақ, 2103 орынға арналған 8 жатақхананың құрылысы жүруде. Атап өтейік, бүгінде Павлодар және Түркістан облыстарында жалпы саны 259 орындық екі жатақхана пайдалануға берілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button