Жаңалықтар

Шағын футболдан турнир өтті

25 маусым күні елордамыздағы №81 мектеп-гимназиясының футбол алаңында AMANAT партиясының «Есіл» және «Бірлік» филиалдары БПҰ-лар  арасында шағын футболдан турнир өткізді.

[smartslider3 slider=3346]

 

Елорда күніне ұйымдас­тырылған спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру, партиялықтар арасында достық қарым-қатынасын  нығайту болып табылады.

Спорттық жарыстардың ұйымдастырушылығына белсене араласатын AMANAT партиясы «Бірлік» филиалының атқарушы хатшысы Шыңғыс Қожахметов турнирдің салтанатты ашылуында сөз сөйлеп, партия өкілдерін тартысты бәсекеге жұмылдырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол шара  мақсатының бірі – бірлік, достастық қарым-қатынасын нығайту екендігін баса айтты.

Командалар арасында жарыс айналмалы жүйеде өтті, яғни барлық команда бір кездесуден өткізді. Әрбір бастауыш партия ұйымынан бір ғана команда жіберілді. Ойын барысында әр топ өз жанкүйерлерінің, ұйым өкілдерінің  қолдауын  сезініп, кіл мықтылар анықталған ойын жаз айының аптап ыстығына қарамастан, тартысты бәсекеге ұласты.

25 команда бақтарын сынаған ойында «Қазақтелеком» АҚ-ның командасы жеңіске жетті. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы екінші орынды қанжығасына байласа, «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС-і үшінші орынды қанағат тұтты. Үздік қақпашы ретінде Бейсенбаев Аянбек, үздік қорғаушы – Асылбек Дәурен, үздік мерген Бисмаганбетов Валерий және үздік ойыншы дәрежесінде Жалгасов Азамат марапатталды.

Жүлделі орындарға ие болған командаларға естелік кубоктар мен тиісті дәрежедегі дипломдар табысталды. Әр команда жарысқа белсене қатысқаны жөніндегі мақтау қағаздарына ие болды.

Біз өз кезегімізде турнирді ұйымдастыруға атсалысқан барша қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жарыста оза шапқан спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

AMANAT партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының баспасөз қызметі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button