Жаңалықтар

Шаһар шырайлана түседі

Астана қаласы туған күніне ерекше дайындалып жатыр.  Тұрғындар мен қонақтар неше түрлі мерекелік шараларға қатысып, көңіл көтеріп қана қоймайды, әдемі безендірілген ғимараттарға да көздері сүйсінетін болады.  

лав

Елорданың ажарын айшықтай түсу үшін ғимараттардың қасбеттері жарқ-жұрқ еткен конструкциялар мен шағын сәулетті пішіндермен көркемделмек.
Айталық, Алматы ауданында 21 жарық динамикалық панно мен 375 кронштейн орнатылған. Басты көшелерге консольдік тулар, ал Бейбітшілік пен келісім сарайының және «Жерұйық» паркінің алдына ту паннолары қойылды. Алдағы уақытта саябақтардағы шамдар мен қала көпірлері мерекеге орай гүл шарлармен безендіріледі.
Жалпы, «Алматы» ауданының аумағында шағын сәулеттік пішін­нің 22 жиынтығы орнатылып, ғи­мараттардың қасбеттері әрленеді.
Ал Есілдің сол жағалауындағы керемет шарлар мен тырналар көздің жауын алатынын жұртшылық көріп жүр. Баршаның көзайымына айналған «I Love Astana» конструкциялары Есіл өзенінің жағасына, Астаналық паркте, Қабанбай батыр даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында, «Жан жүрегім Астана» – «Астана Опера» театрының жанында, «Керуен» сауда, ойын-сауық орталығының жанында және Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Я люблю Астану» конструкциясы орнатылды.
Елорданың туған күніне орай ағаштар да безендіріледі. «Құр­манғазы» гүлбағында декоративтік рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. «Арай», «Ғашықтар» парк­те­рінде, «Астаналық цирк» гүл­ба­ғында, «Астана Опера» театры ауданындағы гүлбақта және Есіл ауданы әкімдігінің жанында жа­рықтандыру тіректерінде кронш­тейндер безендіріліп жатыр.
«Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығына қарсы жерасты өткелі, «Астана Опера» театрының алдын­дағы көпір, Орынбор көшесіндегі екі жаяу жүргіншілер көпірі мен «ҚазМұнайГаз» көпірі, Сығанақ көшесіндегі «Транстроймост» көлік жолайырығы әдемі жарық­тандырылатын болады. Мұнымен қоса, тұрғын үйлердің қасбеттерін безендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сарыарқа ауданының әкімдігі орталық көшелерді, алаңдар мен мерекелік шаралар өтетін орындарды безендіруді қолға алды. Осылайша, Есіл өзенінің жағасында арка орнатылып, жаяу жүргіншілер көпірі безендірілді, қалалық алаңда ту конструкциялары мен сауда шатырлары болады.
Аудан аумағында «Көбелек», «Көбелектің ұшуы», «Астана күні», «Кемпірқосақ», «Жүзімнің сабағы», «Геометриялық тоннель», «Стильденген жануарлар», «Кілт», «Гүл аркалары», «Көше жиһазы» және тағы басқа да шағын сәулеттік пішіндер орнатылады.
Ал теміржол вокзалының жанында, қалалық алаңда, Есіл өзе­нінің жағалауында, ҚР Қаржы министрлігі ғимаратының және Абай ескерткішінің жанында қала тұрғындары мен қонақтары «Инс­таграм» және «Астаналық фото» гринобустарымен (фотостендімен) естелікке суретке түсе алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button