Мәдениет

Шахмат тақтасындағы тартыс

Елорданың Алматы ауданы әкімдігі және осы ауданның Белсенді өмір сүру орталығының қолдауымен Алматы ауданының ардагерлері арасында шахматтан турнир өтті. Аудандық Ардагерлер кеңесі ұйымдастырған жарыс еліміздің Конституциясы күніне арналды.

[smartslider3 slider=3798]

Жарысты Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин және «Белсенді өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Мұхтар Еркетаев ашты.

Аталмыш турнирді аудандық Ардагерлер кеңесі жыл сайын өткізеді. Оған жас бойынша шектеу қойылмай, бәрі қатыса алады. Осы жолы 89 жасар Климентий Цай, Көбес Әмішев және 75 жастағы Сұлушаш Есенбаева ең үлкен қатысушылар болды. Оларға ойынға белсенді қатысқандары үшін алғыс хат пен бағалы сыйлық тапсырылды. Ал орын ала алмағандарға естелік сыйлық табысталды.

Ерлер арасында бірінші орынды Серік Қуанышбаев, екінші орынды Тұрсын Қадырбаев, үшінші орынды Совет Келдібаев иеленді. Әйелдер арасында жүлделі орындарды сәйкесінше Кенжетай Жанұзақова, Сұлушаш Есенбаева және Бәтима Түсіпова алды.

Шахмат турнирі «Арқа әуендері» халық ансамблі, «Елорда» халық хорының солистері Үмітжан Қиқымова мен Ермек Тұрлыбаевтың музыкалық нөмерлерімен және Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button