Шахматшылар турнирі

Кеше Астанадағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында шахматтан республикалық шахмат олимпиадасының елордалық чемпионаты мәресіне жетті.
Бұл жарыста қаланың 60-қа жуық мектебінен 8-17 жас аралығындағы 300 оқушы бақ сынады. Қалалық чемпионаттың жүлдегерлеріне Астана қаласы Білім басқармасының «Өркен» балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру орталығы тағайындаған диплом, медаль және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Қалалық турнирдің жеңімпаздары республикалық шахмат олимпиадасында елорда намысын қорғайтын болады. Бүгінгі таңда елордада 5 мыңға жуық бала шахмат үйірмелеріне қатысады. Еске сала кетейік, биыл Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекенің Қазақстан елордасында өткізу туралы шешімді Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) шығарды.