БілімҚала тіршілігі

Шәкірттің біліктілігі ұстаздан

Бүгінгі таңда  елорданың білім беру мекемелерінде 13 760 педагог жұмыс істейді. Жыл сайын өзінің кәсіби біліктілігін арттыратын мұғалімдер саны артқан.

05

Қазіргі күнде қалалық мектептерде бірінші және жоғары санаттағы 6239 педагог еңбек етеді. Былтыр бұл көрсеткіш 5944 қана болған. Жыл өткен сайын білім саласында қызмет ететін жас мамандар саны ұлғайып келеді. Ол 15 пайызға көтерілген. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 3661 педагог қызмет атқарады.
Астаналық колледждерде 1774 инженерлік педагогика қызметкері жасөспірімдерге сабақ береді. Соның ішінде 913-і – мемлекеттік, 861-і жеке меншік колледжде істейді. Техникалық және кәсіптік білім беруде кадрлар 100 пайыз жасақталған.
Колледждерде дуальді білім беруге баса назар аударылады. Қазір бұл үрдіске 21 мамандық бойынша 18 колледж бен 44 кәсіпорын тартылған, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан 1 464 студент қамтылған.
Елордалық 9 колледжде эксперименталды оқу жоспарлары әзірленді, олардың өндірістік оқыту үлесі 60 пайызға дейін, ал теориялық – 40 пайызға дейін, биылғы жылдың қыркүйегінен бастап тәжірибе 10 оқу орнында қолға алынбақ. Алдағы қараша айында гуманитарлық, медициналық колледж­дер мен «Даналық» медициналық-фармацевтикалық колледжінде дуальді білім беруді енгізу көзделген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button