МәдениетСұхбат

ШӘМШІ ӘНДЕРІ ШАРЫҚТАЙДЫ

Ақтоты Рахметоллақызы РайымқұловаАстанада ұлтымыздың біртуар ұлдарының бірі, композитор Шәмші Қалдаяқов әндерінің «Менің Қазақстаным» фестивалі шымылдығын түрді. Бес күнге созылатын ауқымды шара жайында бізге Мәдениет және спорт министрлігінің департамент директоры Ақтоты Райымқұлова айтып берді.

– Фестивальді өткізудің мақсаты қандай?

– Шәмші – қазақ ән өнерінің дамуына үлкен үлесін қосып кеткен тұлға. Оның атындағы фестиваль ұлттық әнімізді одан әрі де ілгерілету мақсатында ұйым­дастырылып отыр. Сондай-ақ, осы шара арқылы дарынды жас әншілерді қолдауды да көздеп отырмыз. Фестиваль Шәмшінің жарыққа шығуын күтіп отыр­ған жаңа әндерінің де халыққа танылуына септігін тигізеді деп ойлаймыз.

– Фестивальге қатысуға қай елдерден әншілер келді? 

Ол сұраққа жауап бермес бұрын мынаны айта кетейік: Шәмшіге насихаттың қажеті жоқ, оның әндері халқымыздың жүрегіне берік ұялаған. Десек те, өзге елдерден келетін әншілерге оның әндерін айтқызып, Шәмшіні басқа мемлекеттерге де таныта аламыз. Ті­келей сұрағыңызға келсек, биыл фес­тивальге қатысуға Қытай, Өзбекстан, Қырғыз рес­публикасы мен өз еліміздің әншілері де ниет білдірді. Қатысушының әрқайсысы Шәмшінің төрт әнін орындауы тиіс. Айта кетейік, ол үшін әншілерге екі кезең берілген.

Әдетте мұндай фестивальдер үлкен гала-концертпен аяқталатын…

– Иә, ондай дәстүр бар. Шәмші Қалдаяқов әндерінің фестивалі де 24 қазан күні гала-концертпен жабылады. Бұл күні «Қазақстан» орталық концерт залында өтетін концертке қазақ сахнасының майталмандары Бибігүл Төлегенова мен Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­керлері Жеңіс Сейдоллаұлы, Алтынай Жорабаева, Азамат Жылтыр­көзов, Жәмила Жарқынбаева, сондай-ақ, осы фестивальдің былтырғы жеңімпазы Нұрболат Абдуллин қатысып, ән салады.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button