Әлеумет

«Шаңырақ күні» шаңырақ көтерді

Астанадағы Музыкалық жас көрермен театрында 16 наурыз – Шаңырақ күніне орай театр қабырғасында танысып, табысқан он алтыншы жұптың ақ некесі қиылды. Іс-шара «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салтын насихаттауды мақсат тұтты.

Аталмыш театрда отбасын құрған 15 жұп бар. Ал «Шаңырақ күні» театрда табысқан 16-жұп Айдос Амандық пен Айдана Болаттың некелерін қию рәсімі өтті. Іс-шараға қазақ қыздарының сұлулық эталонына айналған қазақтың «Қыз Жібегі», Қаз КСР Еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат пен Света Айтбаевтар және Астана қаласы, «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, белгілі дінтанушы-ғалым Нұрлан Байжігітұлы қатысты.

Іс-шараны Музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Максимұлы ашып, өнер ошағында 15 отбасы ғана емес, 30 адам бір-бірімен үйлесіп, шаңырақ көтергенін атап өтті. Жастарға жүрекжарды лебізін арнады. Неке қию рәсімімен қатар әндер айтылып, күй тартылды. Жас отбасыға бата беріліп, тілектер айтылды. Отбасылық құндылықтар дәріптелді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button