Жаңалықтар

«ШАҢЫРАҚ» СЫЙЛАҒАН ШАБЫТ

ERA_3324

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазақстан халқы ассам­блеясының этножурналистика саласындағы республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауы қорытындыланды.

Бұл шара Қазақстан халқының бірлігін нығайту және этносаралық қатынастар мен мәдениетаралық үндестік саласындағы мемлекеттік саясаттың жетістіктерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Рес­публикалық байқауға журналистермен бірге мәдениеттанушы ғалымдар, сарапшылар да қатысты.

– Этножурналистика саласында отандық бұқаралық ақпарат құрал­дарының рөлі мен жауап­кер­шілігін арттыруды негізге алған конкурсқа жетпістен астам жұмыс келіп түсті. Қазақстандық пат­рио­тизмді нығайтуға, этномәдени ор­талықтардың қызметін түсіндіруге және мемлекеттік тілдің рөлін көтеруге бағытталған мақалалар, теле-радиобағдарламалар арасынан аталымы бойынша үздіктерін таңдауға тырыстық, – деді қазылар алқасының мүшесі Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ.

Биылғы жарыстың жеңімпаздары қатарында Татьяна Жандилдинова, Нағашыбай Қабылбек, Ярослав Красиенко, Михаил Парипса, Нұрбек Әмиша, Жанар Сайлаубекқызы, Дария Биданова есімдері аталып, ба­ғалы сыйлықтар табыс етілді.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button