Жаңалықтар

ШАРЛЬ ДЕ ГОЛЛЬГЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ

Қазақ  елі  егемендігін  жариялаған соң,  саясат  әлемінде өзіндік  із қалдырған  үш  тұлғаға  ескерткіш  қойған-ды.  Соның бірі – Бесінші Француз Республикасын құрушы генерал Шарль де Голль еді. Астанадағы «Париж орамы» тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан бұл мүсінге кеше Қазақстанның Сыртқы істер вице-министрі Ақылбек Қамалдинов пен елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев  бастаған бір топ азаматтар гүл шоқтарын қойды.

DSC_0771

Аталмыш шара генерал Шарль де Голльдің Байқоңыр ғарыш айлағына жасаған сапарының 50 жылдығына арналды. Даңқты қолбасшы 1966 жылы Қазақстанға  келіп,  қасиетті топырағымызға  тәу  еткен. Сол жылы Байқоңыр қаласына тізгін бұрып, кеңестік ғарыш спутнигінің ұшу алаңына барды. Айта кету керек, генерал – Байқоңыр  ғарыш  айлағында  болған  тұңғыш шетелдік  президент.

DSC_0801

– Осынау салтанатты жиынның Астана күні қарсаңында ұйымдастырылғанына өте қуаныштымын. Шарль де Голль ескерткіші шаһарымыздағы «Француз орамы», «Париж орамы» тәрізді тұрғын үй кешендеріне одан әрі өң беріп, сұлулыққа сұлулық қосып тұрғандай. Мен Қазақстан мен Франция арасындағы әріптестіктің артып, нығая беретініне сенімдімін, – деді Ермек Аманшаев.

Өз кезегінде Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Етьен мен Шарль де Голль қорының президенті Жак Годфрен сөз сөйлеп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Франциялық қонақтар Қазақстан-Франция байланысының қазіргі жағдайы мен келешегіне тоқталып, екіжақты қарым-қатынастан тек оң серпін күтетіндерін білдірді.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button