Sport

Шаршы алаңнан үздік шықты

Бокс – қазақтың бағына жазылған спорт. Алдағы аптада Алматыда басталатын ересектер арасындағы  әлем чемпионаты Халықаралық бокс федерациялары қауымдастығы тарапынан  біздің елімізге көрсетіліп отырған зор сенімнің көрсеткіші. Жақында ғана Қазақстан жасөспірімдері әлем біріншілігінен үлкен жеңіспен оралды. Демек, елімізде боксты дамытуға ерекше маңыз беріліп отыр деуге негіз бар.Жақында Аягөз қаласында Қазақстанның тұңғыш сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтің жүлдесі үшін жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі турнир өтті. Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан және Қазақстан бокс­шылары қолғап түйістірген жарыста Астана қаласының №3 БЖСМ спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп келді. Атап айтқанда, бапкер Мәулет Мұстафиннің шәкірттері Алмас Зейнуллов пен Сатреддин Ахмедов дәстүрлі жарыстың жеңімпазы атанды. 54 келі салмақта қарсылас шақ келтірмеген С.Ахмедов осы турнирдің үздік боксшысы болып танылды. Сондай-ақ, чемпион атанған жасөспірім боксшылардың, сонымен қатар жақында Киевте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің чемпионы Рахат Маржықпаевтың бапкері Мәулет Мұстафин осы турнирдегі үздік жаттықтырушы сыйлығына ие болды. Ал, жарыстың үздік төрешісі болып астаналық Ұлттық жоғары санатты төреші Ерболат Ашимов танылды.Белгілі дипломаттың жүлдесі үшін өткен жарыста астаналық жас боксшылар Жасқанат Жұмағалиев пен Жанболат Әкімқұл күміс жүлдегер атанып келді.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

 

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button