Қала мен Сала

Шаруалар базары салынады

2021 жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 11,8 пайызды құрады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатымен 2020-2021 жылдар кезеңінде «Айналым тетігі» жобасы аясында кәсіпкерлік субъектілеріне 8,6 млрд теңгеге несие берілді.

[smartslider3 slider=1142]

Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан алынған мәлімет бойынша елорданың азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін жүйелі түрде шешу мақсатында инвесторларды тарту жұмысы белсенді жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, елордадағы жалпы ауданы 50 мың шаршы метрден асатын 3 көтерме-бөлгіш орталықтарының, қуаты жылына 10 мың тонна өнім шығаратын 2 жылыжай кешенінің құрылысына инвесторлар қаражаты тартылады. 5 нысанның құрылысын аяқтау 2022-2023 жылдарға жоспарланған.

Сонымен қатар тартылған инвестициялар есебінен шаруалар базары салынады. Ол жерде азық-түлік тауарлары «егіс-сөре» қағидаты бойынша сатылады. Бұдан бөлек, өнім өндірушілер өз тауарларын жыл бойына делдалсыз сататын павильондар құрылысының жобасы да жүзеге асырылады. 2022 жылы желтоқсан айында жылдық қуаты 5 мың тоннаны құрайтын нан пісіретін комбинаттың құрылысы бойынша инвестициялық жоба іске асырылады. Елордаға инвесторларды тарту жөніндегі өңірлік инвесткеңестің аясында құны 2,6 млрд теңгені құрайтын «RnR Group» ЖШС өндірістік-азық-түлік кешенін салу жобасы қолдау тапты. Жобаның қуаты мынадай: бір тәулікте 100 тонна сүт және сүт өнімдерін шығаратын сүт өңдеу зауыты; тәулігіне 25 тонна өнім шығаратын нан-кондитер комбинаты; 6 мың тонна өнім сақтайтын жеміс-жидек қоймасы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button