Жаңалықтар

ШАССИДЕН ШЫҚҚАН ШЫРҒАЛАҢ

Жексенбі күні Қызылордадан Астанаға бағыт алған «Bek Аir» әуе компаниясы ұшағының алдыңғы шассиі ашылмай, апатты жағдайда қонды. Абырой болғанда, 116 жолаушы мен 5 экипаж мүшелерінің бәрі де дін аман.

555

– Өзеннің үстінен үшінші рет өткенімізде төтенше жағдайдың болғанын білдім, – дейді бортта болған запастағы генерал-майор, Ауғанстан соғысының ардагері Әлімжан Ерниязов. – Бірнеше минуттан соң, экипаж мүшелері апатты жағдайда қонатынымызды хабарлады. Жолаушылар шу көтермей, сабыр сақтап отырды. Ұшақ жерге қатты соғылған жоқ, тек командирдің тежегішті бірден іске қосқанын сездік. Экипаж, бортсеріктер және әуежайдың қауіпсіздік қызметтері үйлесімді жұмыс істеді. Біз жерге қонған уақытта арнайы техникалар ұшақпен қатар жүріп, көбік шашты. Соның арқасында ұшақтан өрт шықпай, жеңіл қонды.
Кестеге сәйкес, ұшақ Астанаға таңғы сағат 9.45-те қонуы тиіс болған. Алайда, ұшақтың жерге соғылу қаупін мейлінше азайту үшін 50 минут бойы әуеде қалықтауына тура келген. Осы уақыт ішінде Астана әуежайының қауіпсіздік қызметтері ұшып-қону алаңына көбік шашқан. Сонымен қатар, 7 өрт сөндіру техникасы мен 4 жедел жәрдем көлігін дайындап тұрған.
Азаматтық авиация комитеті «Bek Аir» әуе компаниясының басшылығына агрегаттар мен шассилерді бір реттік техникалық тексерістен өткізуді тапсырды. Ал, компания директоры Асқар Үмітбеков арнайы мамандар барлық әуе кемелерін тексеріп шыққанын мәлімдеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button