Басты ақпарат

ШАТТЫҚҚА ТОЛҒАЙ ШАҢЫРАҚ!

Бүгін – Халықаралық отбасы күні.
Бұл мерекені 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен.
Арғы-бергі ақылгөйлеріміз айтқандай, «Отан от басынан басталады», «Отбасы – шағын мемлекет», «Отбасы –
бақыт ордасы». Қай-қайсысы болмасын қазыналы ойдың қазығындай қастерлі сөздер.
Қазақ қара шаңырақ пен тал бесікті қатты қадірлейді. Ошақтағы қазанының оттан түспеуін тілейді. Өйткені,
бұлар Алаш ұранды ұлтымыздың ажырамас бөлігіндей айрықша ұғымдар. Алатаудай алтынға айырбасталмас асыл атрибуттар.
Бабадан мирас баталардың бір парасы «Өркенің өссін!», «Үбірлі-шүбірлі бол!», «Түтінің түзу ұшсын!», «Шаңырағың
шайқалмасын!» деген сияқты ізгі ниет, игі тілектермен берілетіні белгілі.
Осының өзі-ақ мына өмірде бақытты болуымыз отбасылық тірлігімізге тікелей байланысты екенін байқатса керек.
Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!

 ӘКЕЛЕР ӘДЕПКЕ ШАҚЫРДЫ

 ҚАЗИРА ӘЖЕЙДІҢ ҚАЗЫНАСЫ

 ДАСТАРХАН БАСЫНДАҒЫ ДӘРІСТЕР

 БАБАЛАР ДӘСТҮРІНІҢ БАЙҚАУЫ

 ОТБАСЫНЫҢ ОТЫН ҚАЙТА ЖАҚҚАН БАЛА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button