Ресми бет

Шатырдан абай болыңыз!

Жыл басынан бері елімізде қатты жел салдарынан ғимараттар шатырлары бұзылуының 53 жағдайы тіркелді, оның ішінде білім беру объектілерінде – 10, мәдениет объектілерінде – 2, денсаулық сақтау объектілерінде – 2, тұрғын ғимараттарда – 27, қоғамдық және әкімшілік ғимараттарда – 12. Бұзылған шатырлардың жалпы ауданы 4713 м2 құрады.

[smartslider3 slider=3184]

Шатырлардың бұзылу себебін талдау негізінде шатыр ұзақ уақыт бойы жөнделмеген немесе оны жөндеу кезінде сапасыз құрылыс материалдары қолданылған, күрделі жөндеу кезінде жүк көтергіш элементтерді монтаждау жұмыс­тары дұрыс жүргізілмегенін көрсетті.

Шатырдың құлауына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу үшін келесі шараларды орындау ұсынылады:

  • Шатырларды тексеру кезінде көтергіш конструкция­лардың тораптарына, шатырдың тұтастығына, шатырдың су ағатын құрылғылармен, құрылыс конструкцияларымен және шатыр арқылы өтетін жабдықпен жанасуына, шатырдың қорғаныш қабатының жай-күйіне назар аудару қажет.
  • Ағаш көтергіш конструкцияларды пайдалану кезінде бұрандамаларды, қамыттарды және басқа да металл бекіткіштерді тораптық қосылыстарда олардың қалыпты керілуіне дейін тарту және қажет болған жағдайда жеке элементтерді ауыстыру қажет.
  • Шатырлардың темір-­бетон көтергіш элементтерінде олардың көтеру қабілетін төмендетпейтін арматураның жартылай жалаңаштанған жарықтары мен шұңқырлары анықталған жағдайда, осы учаскелердің барлығын әлсіреген бетоннан тазалап, сумен жуып, цемент ерітіндісімен бітеу қажет.
  • Шатырлардың (болат және даналы бұйымдардан жасалған) техникалық жай-күйі сыртынан және шатыр жағынан «жарыққа» тексерілуі тиіс. Шатырдың бос жерін төсеніште, қабырғада және шатыр еденінің ­оқшаулауында дымқыл дақтың немесе ­қардың болуына байланысты орнатуға болады. Тексеру алдында шатырды ­қоқыстан, жапырақтан, шаңнан ­және ­т. б. заттан тазалау керек.
  • Болат шатырларды тексеру, тазалау және жөндеу тек қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, киіз аяқ киімде жүргізу қажет.
  • Шатырды қоқыстан (жапырақтан, құмнан, кірден), қардан, мұздан үнемі тазартып отыру керек, өйткені қоқыстар мен шұңқырларда қоқыстың жиналуы судың ағып кетуіне жол бермейді және шатырдың тез тозуына әкеледі.
  • Шатыр жабынын жөндеуге дейін шатырдың салмақ түсетін құрылымдарын, құрылғылар мен жабдықтарды, карнизді және су бұрғыш элементтерді техникалық жарамды күйге келтіру қажет.
  • Шатырды жөндеу кезінде оның құрылымдармен және шатырдың үстінен шығатын жабдықпен түйіскен жерлеріне ерекше назар аудару керек.
  • Болат табақтан жасалған шатырларды жөндеу кезінде ақаулы жатқан және тұрған бүктемелерді бітеуішпен, герметиктермен жағу қажет, сондай-ақ тесіктерді болаттан жасалған қалыптарды орнату арқылы тығыздау немесе жекелеп ауыстыру, қатты зақымдалған болат табақтарды жаңасымен ауыстыру қажет. Диаметрі 5 мм-ге дейінгі ойық­тарды кейіннен үстіңгі және жиектеріне жаға отырып, темір бүрмеден жасалған қалыптарды жапсыру арқылы жоюға жол беріледі.
  • Даналы материалдардан жасалған шатырларды жөндеу кезінде зақымдалған элементтерді немесе шатырдың жеке учаскелерін ауыстыру керек.
  • Рулонды шатырлардың жекелеген орындарын жөндеу кезінде шатыр бетіндегі кедір-бұдырды, кебулерді жою, қабыршақтанған панельдерді желімдеу, қорғаныс қабатын қалпына келтіру қажет.
  • Шатырды ауыстыру жұмыстары ғимарат жабындарының атмосфералық жауын-шашынмен ылғалдануына жол бермейтіндей етіп ұйымдастырылуы тиіс.
  • Шатырды, түтін құбырларын, парапеттерді жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылыс материалдары мен қоқыстардың барлық қалдығын алып тастау және шатырды тазалау қажет.

И.ЖАЙНАКОВ,

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар

департаменті Алматы ауданы бойынша

ТЖБ аға инженері

 

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button