Елорда тынысы

Шеберлік формуласы

Жақында елордадағы қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде жұмыссыз азаматтар үшін «Шеберлік формуласы» іс-шарасы ұйымдастырылды.

[smartslider3 slider=1408]

2020 жылы Елбасының бастамасымен «Жас маман» жобасы жүзеге асырылған болатын. Сол «Жас маман» жобасының өмірге келуіне байланысты көп кешікпей «Құзыреттілік» орталығы ашылды. Мұнда қазір алты зертхана жұмыс істейді.

Осы зертханаларда «Шеберлік формуласы» аясында тамақтандыруды ұйымдастыру қолға алынды. Оның негізгі мақсаты – жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, жас мамандар даярлау.

– Бізде қазір үш айлық, алты айлық курстар бар. Жас жігіттер мен қыздар мұнда келіп «аспаздық ісі», «кондитерлік ісі», «тігінші» мамандықтары бойынша оқып, сертификат алып шығады. Сол арқылы жұмысқа орналасады, – дейді қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің директоры Зәуре Қылышбаева.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button