Елорда тынысы

Шекарашылар оқушылармен кездесті

Елордада Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде ҚР Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай шекара қызметінің әскерилерімен кездесу өтті. Шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Рухани жаңғыру» КММ ұйымдастырды.

[smartslider3 slider=2822]

Кездесуге шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары Амангелді Әбілқанов, бірлестік өкілі Олег Нұртазаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментінің кеңесшісі Жанарбек Мадединов, аға офицер Жанар Кемел, «Жергілікті соғыс және ауған ардагерлері одағы» бірлестігі төрағасының орынбасары Айтуған Кузербаев  қатысты.

Еркін әңгімелесу шарасында шекарашы ардагерлер өз естеліктерімен бөлісті.

– Бала кездегі арманым әскери адам болу еді. Елдің шекарасында қызмет етіп, біршама басшылықта болдым. Өз еліңнің шекарасын қорғап, оған қызмет ету басқаша сезім сыйлайды. Өмір жолында түрлі оқиғалар кездесті. Бірақ патриоттық сезім жауынгерлік қызметте артпаса, ешқашан кеміген емес. Қайта еліңді одан сайын жақсы көре түсесің. Сіздерге де патриоттық сезімдерің өшпесін деп айтар едім, – деді «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары Әбілқанов Амангелді.

Әскери өмірдің қыр-сырын айта отырып, жауынгерліктің өткені мен бүгіні туралы әңгімеледі.

– Шекарашылар қызметіне қыздар да келіп оқи алады. Бастысы – ниет пен жұмысқа деген табандылық. Басқа қызметтегідей емес, әскери адам болу үшін денсаулық маңызды. 11-сынып бітірместен жарты жыл бұрын арнайы тексеріліп, құжат тапсырып қойсаңыздар болады. Кез келген мамандықтың қиындығы бар. Бастысы, өздеріңіздегі сенім өшпесін!, – деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментінің аға офицері Жанар Кемел.

Қонақтар оқушылар қойған шекара қызметіне оқуға түсу, ондағы қызметтік иттер мен қару-жарақтар, шекара қорғау кезіндегі қызықтар туралы сұрақтарға жауап берді.

Баян АСЫЛБЕКОВА

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button