Басты ақпаратМәдениет

Шекспир шуағы

Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театры  24-26 ақпан күндері «Шекспирмен үш күн» атты классик драматург Уильям Шекспир шығармалары бойынша спектакль күндерін өткізеді.

24 ақпанда «Ханзада (HAMLET)» трагедиясы, 25 ақпан «Ромео–Жульетта» трагедиясының премьерасы, 26 ақпанда «Асауға тұсау» комедиясы көрсетіледі. Аталмыш қойылымдардың қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық иегері Нұрқанат Жақыпбай.

Бұл жобаны режиссер біраздан бері ойға алған.

«Шекспирден асып кеткен драматург жоқ. Шекспир – драматургияның шыңы. Ол барлық халыққа бірдей. Одан жақсы материал алып, актердің өсуіне де жағдай жасауға болады» дейді Нұрқанат Жақыпбай.

Оның қолтаңбасындағы Шекспирдің ерекшелігі қазақ болмысына жақын.

«Асауға тұсау» комедиясы бірнеше фестивальде топ жарды. Атап айтқанда, Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған ХХІІ республикалық театр фестивалінде және Жұмат Шаниннің 125 жылдығына арналған түркі әлемі театрларының «Театр көктемі-2017» халықаралық фестивалінде бас жүлде, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстан – Еуразия жүрегі» атты Орта Азия елдерінің VІ халықаралық фестивалінде бірінші орын алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button