Басты ақпарат

Шектеу күшейтілді

Кеше елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат ­Бейсенова жаңа шектеулер енгізілген жаңа қаулы жариялады.

[smartslider3 slider=1751]

 

Сонымен, жаңа қаулыға сәйкес Ashyq жобасы арқылы 30 адамға дейін арнайы нысандарда жаназа дастарқанын өткізуге болады, ал басқа жағдайда ашық аспан астында да, жабық ғимараттарда да, соның ішінде үйде де отбасылық, еске алу шаралары, той, садақалар өткізуге тыйым салынады. Мәдени шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелер, форумдар өткізуге, түнгі клубтар мен караоке жұмысына, қоғамдық тамақтану орындарында барлардың қызметіне тыйым қойылды. Қоғамдық тамақтану нысандарында бір үстелде отыратын адамдар саны 4 адамға дейін қысқартылды.

Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының 80 пайыздан кем емес бөлігі, екпе алғанына қарамастан, қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі. Оқушылар биыл 31 қаңтарға дейін, колледж­дер мен ЖОО-ның барлық курс студенттері 6 ақпанға дейін онлайн форматқа көшіріледі.

Қаулының толық нұсқасымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтынан танысуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button