ЖаңалықтарТағзым

Шерлі тарих шежіресі

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты астаналық ардагерлермен кездесу өткізіп, «Отан үшін отқа түс – күймейсің» атты фотоқұжаттамалық көрме өткізді.

????????????????????????????????????

Мұрағат ұжымы құрметтеп шақырған ардагерлердің қатарында Василий Сонин, Константин Смирнов, Алексей Фролов және Нина Клюшко секілді қариялар бар. Олардың құрметіне кон­церттік бағдарлама ұсынылып, Жеңіс күніне байланысты естеліктер айтылды.
Ал мұрағат ұйымдастырған көрме туралы жеке әңгімелеуге болады. Ол – соғыс жылдары тарихының жылнамасы секілді. Мұнда Ақмола қаласында құрылған дивизиялар жөнінде, олардың жауынгерлік ерлігін баяндайтын құ­жаттар алғаш рет қойылыпты.
Астана қаласы Мемлекеттік мұрағат мамандарының мәліметінше, Подольск қаласында орналасқан Ресей Федерация­сы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатында елімізге қатысты құнды деректер табылған. Осы және басқа да бірегей құжаттар көрме сө­релерінен орын алды.
Соғыс жылдары Ақмола өңірінде төрт әскери құраманын штабы орналасқаны тарихтан мәлім. Олар: 310-шы, 387-ші, 29-шы атқыштар және 106-шы аттылы дивизиялар. Бұл әскери күш соғыстың зұлмат жылдарында жауға қарсы ер­лікпен шайқасып, тарихта аты қалды. Көрмеде дивизияның майдандық даңқы небір бағалы құжаттармен баяндалыпты. Атап айтқанда, дивизияның ұрыс қимылдарының журналы мен карталары, ұрыс хабарлары, қайтарылмайтын шығындар тізімдері, тағы басқа да мәлі­меттер қойылған.
Ұлы Отан соғысы халыққа үлкен зардап әкелгенін жұртшылық жақсы біледі. Майданға аттанып, елі мен жерін қорғаған азаматтардың ішінде 9783 ақмолалық бар. Соның 7414-і соғыстан қайтқан жоқ. Мұндай батыр жауангерлердің батыл қимылдарын суреттеген құжаттар да көрменің төрінен орын алды.
Сондай-ақ, мұнда соғыс уақытында майдангерлер қолданған заттар да жә­дігер ретінде көрмеге қойылған.
Жалпы көрме әскери-мобилизациялау туралы, қорғаныс жұмыстары жөніндегі архив құжаттарынан басталады. Әрі қарай Ақмоланың соғыс жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік жағдайынан сыр шертетін құжаттармен танысуға болады. Соғыс басталған сәттен бастап, аяқталғанға дейінгі халықтың ахуалы мен митингтер, әртүрлі ұйымдастырылған
шаралар жөнінде сипаттайтын жәдігер­лерді де осы жерден көруге болады.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button